Halyq Uni логотип
×

Алматы жастарына арналған ипотека бағдарламасы қайта жанданды

18 млн теңгеге дейінгі сомаға 5%-бен жеңілдікті заем беріледі

 Еркеғали Болатұлы 12.05.2022 | 16:16
Алматы жастарына арналған ипотека бағдарламасы қайта жанданды
фото: ашық дереккөз

«Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасы өтінімдер қабылдауды бастайды. Бұл туралы бүгін қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, өтінімдерді қабылдау 18 мамырдан басталып, 1 маусымға дейін жалғасады. Бұл ретте 1000 жас отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған. Олардың арасында мұғалім, дәрігер, оқытушы, мәдениет және спорт саласы дегендей, бюджеттік ұйымдардың сұранысқа ие мамандық иелері бар.

Қатысушыларға бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу үшін 18 млн теңгеге дейінгі сомаға 5%-бен жеңілдікті заем беріледі. Бастапқы жарна 25 жылға дейінгі мерзіммен қарыз сомасының 10%-ын құрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама