Ақтөбе облысында жол апатынан сәби қаза тапты
Анасы мен ағасы ауруханаға жеткізілді
Ақтөбе облысында жол апатынан сәби қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін сағат 7:00-де Мұғалжар ауданы Сағашили аулының маңындағы Ақтөбе – Астрахань автожолының 127-шақырымында жол-көлік оқиғасы болған.
Kia-Ceed автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік құралын аударып алған. Автокөліктің салонында жүргізушінің отбасы болған. ЖКО салдарынан 5 айлық қыз бала оқиға орнында қаза тапты, – делінген хабарламада.
Жүргізушінің зайыбы мен 2 жасар ұлы медициналық мекемеге жеткізілді.