Іздестіру іс-шаралары криминалдық полиция басқармасының ерекше бақылауында
Жетісу облысында іс-түзсіз жоғалған 3 жасөспірім іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Қаратал ауданында хабар-ошарсыз кеткен 3 жасөспірімді іздестіру жұмыстары басталды. Облыстық департамент пен аудандық полиция қызметкерлерінің іздестіру топтары еліміздің үш өңірінде – Талдықорған, Алматы қаласы және Алматы облысында іздестіруді жалғастырып жатыр.
15 жастағы Ақерке Жолдасова 6 қыркүйекте жоғалып кеткен. Болжам бойынша, мектеп оқушысы кәмелетке толмаған Амир Тергеуовтің жанында (16 жаста, 6 қыркүйекте жоғалып кетті) болуы мүмкін. Оның туыстары да жасөспірімді іздеуге көмектесу үшін полицияға арыз жазған.
Мұқан Кенжебек – 17 жаста. Ол 8 қыркүйекте жоғалып кетті.
Кәмелетке толмағандардың орналасқан жері әлі анықталған жоқ. Іздестіру іс-шаралары Жетісу облысы ПД криминалдық полиция басқармасының ерекше бақылауында.
Хабар-ошарсыз кеткен адамдардың орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда мына телефондарға: 8 (7282) 608-008, 8 705-110-5557 немесе «102» нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз.