Halyq Uni логотип
×

Қарағандылық мұғалім тәртібі нашар оқушыларға ұрысқаны үшін айыпты болды (ВИДЕО)

Директор тоқсанда 10-15 рет сабақтан қалған оқушының ата-анасына 65 мың теңге айыппұл салатынын айтты, – дейді ол

 Еркеғали Болатұлы 11.09.2023 | 13:42
Қарағандылық мұғалім тәртібі нашар оқушыларға ұрысқаны үшін айыпты болды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Қарағандыда мектеп мұғалімінің оқушыларға ұрсып жатқан видеосы тарады. Ол балаларға мектеп мұғалімдері мен комиссия әкімшілігі туралы жаман сөз айтпаңдар деп ескерту жасап тұр.

Сондай-ақ ол оқушылардың сабақтан қалғаны үшін ата-аналарына айыппұл салынатынын ескертті.

Мен қорқытып тұрған жоқпын. Орындарыңды біліңдер! Су ішкен құдыққа түкірудің қажеті жоқ. Сабаққа келмейсіңдер. Бағынбайсыңдар. Кейде тіпті кешігіп келесіңдер. Сабақтан қашып кете саласыңдар. Дереу түсініктеме жазыңдар! Директор тоқсанда 10-15 рет сабақтан қалған оқушының ата-анасына 65 мың теңге айыппұл салатынын айтты, – дейді мұғалім.

Ал Қарағанды қаласының білім басқармасы №5 мектептегі бұл жағдай арнайы құрылған комиссияның жұмысы аясында зерттеліп жатқанын хабарлады.

«Сынып жетекшісінің іс-әрекеті педагогикалық этиканы бұзу фактілері бойынша бағаланады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама