Ол орамаларды ұялы телефон қаптамасының астына жасырған
Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде жас жігіт мефедрон сатып жатқан жерінде ұсталды.
Полицейлер күдікті ретінде Жамбыл облысының 26 жастағы тумасын ұстады. Одан синтетикалық есірткі табылды.
Ұсталған адам синтетикалық есірткі заттары бар орамаларды ұялы телефон қаптамасының астына жасырған, - деп мәлімдеді Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің мәліметінше, клубта тінту жүргізілгенмен, басқа тыйым салынған заттар табылмаған.