Қыздардың мұндай күйге түскенін телеарнаға сыныптастары хабарлаған
Түркістан облысында жылдар бойы ағасының малын баққан Назгүл мен Құндызға Алматы облысы Қарасай ауданы Кемертоған ауылынан үй берілетін болды.
Апалы-сіңлілі қыздарға үйді «Елге көмек» қайырымдылық қоры бергелі отыр. Салынып жатқан баспана – екі қабатты үй.
Уайымдап жатқан бүкіл қазақ еліне алғысымызды айтамыз. Осы оқиғаны естіп-білген барша отандастарымыздың жүрегі ауырды деп ойлаймын. Аға-жеңгесіне айтарымыз, біріншіден, Алладан кешірім сұраңыздар. Ешкімге мынадай қиянат жасамаңыздар. Қазақ елінде тек жақсылық болсын, – дейді қайырымдылық қордың өкілі.