Ағасының малын баққан апалы-сіңлілі Назгүл мен Құндызға үй берілетін болды (ВИДЕО)
Қыздардың мұндай күйге түскенін телеарнаға сыныптастары хабарлаған
Түркістан облысында жылдар бойы ағасының малын баққан Назгүл мен Құндызға Алматы облысы Қарасай ауданы Кемертоған ауылынан үй берілетін болды.
Апалы-сіңлілі қыздарға үйді «Елге көмек» қайырымдылық қоры бергелі отыр. Салынып жатқан баспана – екі қабатты үй.
Уайымдап жатқан бүкіл қазақ еліне алғысымызды айтамыз. Осы оқиғаны естіп-білген барша отандастарымыздың жүрегі ауырды деп ойлаймын. Аға-жеңгесіне айтарымыз, біріншіден, Алладан кешірім сұраңыздар. Ешкімге мынадай қиянат жасамаңыздар. Қазақ елінде тек жақсылық болсын, – дейді қайырымдылық қордың өкілі.