«Күш қолданған». Шымкент полициясында көз жұмған ер адамды ұстаған полицейлер жұмыстан босатылды
Шымкентте күдікті жауап алу кезінде қайтыс болды
8 желтоқсанда Шымкент полиция департаментінің ғимаратында 1990 жылғы ер адам тергеу кезінде қайтыс болды. Ол полицияға бөтеннің автокөлігін айдап әкетті деген күдікпен жауап алу үшін жеткізілген.
Қостанай облысының тұрғынын ұстауға қатысқан полицейлер жұмысынан шығарылды. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов мәлімдеді.
Шымкент Полиция департаменті басшысының мәліметінше, 8 желтоқсанында Шымкентте автокөлік құралдарын ұрлады деген күдікпен бұрын соңды мүліктік қылмыс пен қарақшылық үшін сотталған Қостанай облысының екі тұрғыны ұсталған. Олардың автокөлігінен көліктерді ашуға арналған техникалық құралдар, радиостанциялар, маңдай шамдар мен қолғаптар табылып, тәркіленді хабарланды.
Ұстау және жеткізу кезінде полиция қызметкерлері күш қолданған. Олардың біреуі ғимаратта өзін нашар сезініп, жедел жәрдем келген уақытта медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын анықтады, - деді қалалық ПД басшысы.
Сондай-ақ осы дерек бойынша жүргізілген қызметтік тергеумен ұстауға қатысқан қызметкерлер және олардың іс-әрекеттеріне бақылауды қамтамасыз етпеген басшылары ішкі істер органдарынан шығарылды. Олардың олардың қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.