Halyq Uni логотип
×

Есірткі сақтаған 30 жастағы қазақстандық 10 жылға сотталды

Жігіттен 12,5 келі марихуана тәркіленді

 Дәурен Ерболат 08.09.2023 | 15:05
Есірткі сақтаған 30 жастағы қазақстандық 10 жылға сотталды
Фото: ural56.ru

Аса ірі көлемде есірткі сақтаған 30 жастағы қазақстандық 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Биыл қаңтарда Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Алматы облысының 30 жастағы тұрғынын есірткіні заңсыз сақтады деген күдікпен ұстады.

Тінту кезінде күдіктіден жалпы салмағы 12 келі 480 грамм болатын марихуана табылып, тәркіленді. Оған аса ірі көлемде есірткі сақтады деген айып тағылып, көлік полицейлері сотқа дейінгі тергеп-тексерурді бастады.

Тергеу барысында күдіктінің Шу ауданында жабайы қарасораны жинап, есірткіні Алматы қаласына темір жол арқылы тасымалдауды жоспарлағаны анықталды.

Тамызда Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жігітті 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қазақстанда көлік полицейлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 295 құқықбұзушылықты анықтады. Оның ішінде 22 өткізу фактісі, 28 аса ірі мөлшерде сақтау дерегі, 3 контрабанда дерегі бар. Заңсыз айналымнан 390 келіден аса түрлі есірткі тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама