Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты

Іле орталық аудандық ауруханасына қарудан алған жарақатпен жергілікті 4 тұрғын түскен

 Дастан Жұмабекұлы 07.09.2023 | 17:12
Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты
Фото: gov.kz

Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық ПД бастығы Бауыржан Әленов Instagram-дағы парақшасына жазды.

7 қыркүйекте Іле орталық аудандық ауруханасына қарудан алған жарақатпен жергілікті 4 тұрғын түскен. Тағы бір адам ауруханаға жетпей, жолда қайтыс болған.

Бұл деректер ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтiру») және ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі («Бұзақылық») бойынша тіркелді. Полиция қылмысқа қатысы болуы мүмкін күдіктілерді ұстады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деді ол.

Қазір сараптамалық тексерулер тағайындалып, барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатыр.

Аймақтағы жағдай бақылауда, – деді облыстық ПД бастығы Бауыржан Әленов одан әрі.

Еске сала кетсек, бұған дейін 3 қыркүйекте Алматыда түнгі сағат 00:30 шамасында Әл-Фараби-Назарбаев көшелерінің қиылысындағы «Сансет» мекемесінде де атыс болған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама