Halyq Uni логотип
×

Алматыда ұрылар құны 80 млн теңге болатын жарық бағандарын кесіп әкеткен

Тек бір ауданда осындай 20-дан астам оқиға анықталды

 Динара Амантай 07.09.2023 | 17:04
Алматыда ұрылар құны 80 млн теңге болатын жарық бағандарын кесіп әкеткен
Фото: polisia.kz

Алматы қаласының Алатау ауданында құны 80 миллион теңге болатын жарықтандыру бағандары ұрланған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, компания қызметкері жарықтандыру бағандарының қатары сиреп қалғанын көріп, полицияға хабарлаған.

Ұрлық жасау деректері жазылған бейнебақылау жүйелері қылмысты ашуға жақсы көмек болды. Біздің ауданымызда осындай 20-дан астам эпизодтың жасалғаны белгілі болды. Қаскөйлер түнде ұрлық жасап жүрген. Олар ГАЗель жүк көлігімен келіп, жалға алынған манипуляторды айдап әкеліп, тура іргедегі шам бағандарын кесіп, ұрлап кеткен. Біз 50-ден астам ұрланған бағанды тәркіледік. Осы іске қатысы бар 32 және 24 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар УҰИ-ға орналастырылды. Заттай айғақ тәркіленді, – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

 ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама