Атырауда бес жыл құжатсыз жүрген шетел азаматы анықталды
Ол 2018 жылдан бері жеке басын куәландыратын паспортсыз тұрып келген
Атырау қаласының полицейлері «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 5 жыл құжатсыз жүрген шетел азаматын анықтады. Бұл іс-шара 14 тамызда басталған. Ол 30 қыркүйекке дейін болады.
AtyrauPress-тің хабарлауынша, іс-шараның мақсаты – көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралап, онда тұрып жатқан адамдар жайлы ақпарат білу және қару иелерін, ІІО-да есепте тұрған адамдарды тексеріп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу, заңсыз көші-қонның жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу тәртібінің қағидаларын бұзушылықтарын анықтау.
Атырау қаласы полиция басқармасы №6 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақты тексеру кезінде Өзбекстан Республикасының 2018 жылдан бері құжатсыз жүрген 1994 жылы туған азаматын анықтап, қалалық ПБ көші-қон қызметі бөліміне тапсырды.