Абай облысында скутер тізгіндеген жасөспірім жүк көлігіне соғылды
Ол аудандық ауруханаға жеткізілді
Абай облысында скутер тізгіндеген жасөспірім жүк көлігіне соғылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 30 тамызда Омбы – Майқапшағай тас жолының 904-шақырымында, Жарма ауданында жол-көлік оқиғасы болған. 14 жастағы бала жол ережесін сақтамай, қарсы жолаққа шығып, салдарынан Ѕкаnіа жүк көлігімен соқтығысқан. Бірнеше дене жарақатын алған жасөспірім аудандық ауруханаға жеткізілді.
Жол апатының басты себебі – жасөспірімнің жол қозғалысының қарапайым ережелерін білмеуі, тәртіпсіздік, немқұрайдылық, сондай-ақ ата-аналар тарапынан қадағалауының жеткіліксіздігі.
Абай облысының полицейлері екі дөңгелекті автокөлік иелері арасында жол қозғалысы мен жеке қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы мақсатты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.