Мүдделі органдарға тиісті ұсыныстар берілді
Алматы қаласы Мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының төрағалығымен экология мәселесі туралы уәкілетті органдармен бірлесе ведомствоаралық жиналысы өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жиналыста азаматтарды толғандыратын экологиялық заңнаманың сақталуы туралы мәселелер қаралды.
Прокуратурамен рұқсат етілмеген қоқыс орындарында құрылыс қалдықтарын табиғи шұңқырлар мен өзендерде көму арқылы орналастыру қатаң түрде көрсетілген.
Қадағалау органының талдауы жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының жұмысын ұйымдастыруда 20-дан астам заң бұзушылықты анықтады.
Негізгі заңдылықты бұзушылықтарға мыналар жатады: қылмыстық істерді тіркеу, ашу және тергеп-тексеру кезінде жіберілген нұсқаулықты, қылмыстық процесстік заңнамасын бұзу, жасыл желектерді нашар күту, әкімшілік заңнаманы дұрыс қолданбау, бақылаудың жүргізілмеуі және рұқсат етілмеген үйінділерге қарсы шаралар қолданбау.
Жиналыста түйткілді мәселелерді шешу жолдары талқыланып, мүдделі органдар тарапынан айтылған ұсыныстарды ескере отырып, экологиялық құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша бірқатар кешенді шаралар әзірленді.
Қорытындысы бойынша прокуратура мүдделі органдарға экологиялық құқықбұзушылықтарды анықтау және тиісті өзара іс-қимылды ұйымдастыру бойынша жұмысты жандандыру туралы нақты ұсыныстар берді.