Атырау облысында төбелескен жастардың видеосы жарияланды

Дастан Жұмабекұлы

Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу басталды

Фото: atpress.kz

Атырау облысының Құлсары қаласында бір топ адамның төбелескен видеосы жарияланды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, төбелес аудан орталығында 5 қыркүйекте сағат 22:20-да болған.

Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Төбелес Құлсары қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің жанында болған. Бұл жерде бір топ адамның төбелескені анықталып, жергілікті полицейлердің жедел әрекеті нәтижесінде жастар ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, – делінген хабарламада.

Департаменттің баспасөз өкілі Мейірім Ердәулеттің айтуынша, қазір осы оқиғаға қатысты тергеу басталды. Дене жарақатын алған адам жоқ. Ауруханаға да ешкім жеткізілмеген.