Бір адам жараланған
Астанада төбелеске қатысқан ер адамдар ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше 5 қыркүйекте ПБ-ға оқ жарақаты фактісі туралы хабарлама түскен. Анықталғандай, таныс адамдар қарыз үшін сөзге келіп қалып, соңы төбелеске ұласқан. 31 жастағы ер адам травматикалық тапаншадан оқ атып, жасырынған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері төбелеске қатысқан адамдарды анықтады. Қылмысқа қатысты негізгі тұлғаны ұстау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптама тағайындалды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілуге жатпайды.