Сот талап арызды қанағаттандырып, шартты бұзу туралы шешім қабылдады
Әнипа Назарбаеваның Алматы облысындағы Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы «Пятый регион» басылы хабарлады.
2022 жылдың қыркүйегінен бастап Алматы облысы қаржы басқармасының директоры Бибігүл Ұзақова экс-президенттің қарындасы Әнипа Әбішқызы Назарбаеваның «Әнипа» жеке кәсіпкерлігін сотқа берді.
Іс материалдары бойынша колледж кейін сатып алу арқылы сенімгерлік басқаруға берілген.
Сот талап арызды қанағаттандырып, шартты бұзу туралы шешім қабылдады.
Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының 2016 жылғы 7 шілдедегі №3 коммуналдық меншік нысандарын кейін сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқару шарты «Басқарма» республикалық мемлекеттік мекемесінің арасында жасалған, - делінген іс материалында.