Қостанайда заңсыз ұйымдастырылған ойын бизнесінің жолы кесілді

Динара Амантай

Арнайы операция барысында 9 адам ұсталды

Фото: polisia.kz

Қостанайда заңсыз ұйымдастырылған ойын бизнесінің жолы кесілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қостанай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен ұйымның ойын бизнесі саласындағы қызметінің жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізілді.

Басқарма бастығы Серік Байгоновтың айтуынша, құмар ойын үшін жалдамалы сауналардың ішінде бөлек бөлме пайдаланылған. Ол үшін фишкалар, карталар, сүйектер, ұялы телефондар қолданылған.

Арнайы операция барысында 9 адам ұсталып, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Полиция ҚР ҚК-нің 307-бабы («Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.