×

Алматы облысында келінін қорғамақ болған қария ұлын өлтіріп алды

Ішімдік ішкен баласы әкесіне қол көтерген

фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы Қаратал ауданында келініне араша түскен 69 жастағы қария 42 жастағы ұлын өлтіріп алды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

ПД мәліметінше, қайғылы оқиғаға ұлы мен келіннің арасындағы жанжал себеп болған.

«Ұсталған адам кісі өлтіргенін мойындады. Өз түсініктемесінде ер адам отбасылық мәселелерді талқылау үшін ұлының үйіне келгенін жеткізді. Қонақта болған қария кездейсоқ ұлы мен келінінің жанжалына куә болып, келінін қорғауға тырысады. Ішімдік ұрттап алған баласы бұған қатты ашуланып, әкесін жұдырықпен төпештей жөнеледі, сол кезде ер адамның қолына асханалық пышақ түседі», - деді Қаратал аудандық полиция бөлімінің бастығы Рауан Әбдірайымов. 

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама