Halyq Uni логотип
×

Қонаев тұрғындары туған күнге орай ұйымдастырған көкпарды тасжол үстінде тартқан

Ұйымдастырушы мен қатысушылар қалалық полиция бөліміне жеткізілді

 Еркеғали Болатұлы 03.09.2023 | 17:49
Қонаев тұрғындары туған күнге орай ұйымдастырған көкпарды тасжол үстінде тартқан
фото: видеодан скриншот

Кеше кешке Конаев қаласында жылқы мінген шабандоздар республикалық маңызы бар тасжолға шығып, көлік қозғалысына кедергі келтірді.

Үлкен тасжол үстіндегі қауіпті жағдайды куәгерлер түсіріп алған. Бұл туралы Алматы облысының ПД басшысы Бауыржан Әленов мәлімдеді.

Полицейлер анықтағандай, К. есімді азамат балаларының туған күніне орай қала шетінде көкпар ұйымдастырып, оған басқа аудандардың спортшылары да қатысқан.

Шараны ұйымдастырушы мен қатысушылар анықталып, Қонаев қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Олардың бәрі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434, 406, 590-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көкпарды ұйымдастырушы бұл әрекеті үшін кешірім сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама