Коллекторлар мен қаржы ұйымдарына шағымданушылар азайған
Бір айда 4 мыңнан астам шағым түскен
2023 жылғы шілдеде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 4 193 өтінішін қарады, бұл 2023 жылғы маусыммен салыстырғанда 15,9% аз, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Өтініштердің 50,0%-ы банк секторына тиесілі. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өтініштер өтініштердің жалпы санының 23,0%-ын, коллекторлық агенттіктердің 6,0%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің 2,0%-ын, өзге ұйымдардың 17,5%-ын, қаржы ұйымының атауын көрсетусіз 1,5%-ды құрады.
Агенттік 2023 жылғы шілдеде 6 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, 5 жазбаша ұйғарым, 1 жазбаша ескерту, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 13 хаттама бойынша 4,6 млн теңге жалпы сомаға 13 әкімшілік жаза қолданды, оның ішінде:
- банктерге – 5 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 2 хаттама бойынша 1,2 млн теңге жалпы сомаға 2 әкімшілік жаза;
- банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 2 хаттама бойынша 799 мың теңге жалпы сомаға 2 әкімшілік жаза;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына – 1 ұсынымдық қадағалап деп қою шарасы және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 1 хаттама бойынша 345 мың теңге жалпы сомаға 1 әкімшілік жаза;
- коллекторлық агенттіктерге – 3 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 5 хаттама бойынша 1,0 млн теңге жалпы сомаға 5 әкімшілік жаза;
- микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға – 2 жазбаша ұйғарым, 1 жазбаша ескерту, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 3 хаттама бойынша 1,2 млн теңге жалпы сомаға 3 әкімшілік жаза қолданды.