Астанада жерүй өртеніп, 3 адам қаза тапты

Еркеғали Болатұлы

Өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін

фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін түнде Астана маңындағы жеке үйден өрт шықты. Өрт сөндірушілер барлау және өртті сөндіру барысында 3 адамның денесін тапты.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін түнгі сағат 01:25-те Астана қаласының Өрт сөндіру қызметіне Титов көшесінен өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген уақытта екіпәтерлі тұрғын үйдің 70 шаршы метр алаңында өрт болып жатты. Өрт сөндірушілер отқа оранған үйден 1970 жылы туған ер адамды құтқарып, ол орташа дәрежедегі улы газдан улану диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндірушілер барлау және өртті сөндіру барысында 1983 және 1970 жылдары туған екі ер адамның және 1971 жылы туған әйелдің денесін тапты. Өрт сағат 02:55-те толығымен сөндірілді, – деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.

Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін.