Елордада алғаш болып Түркістан облысының аграршылары өз өнімдерін ұсынды
Астанада өңірлердің тауар өндірушілерінің қатысуымен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, олар 29 қазанға дейін әр сенбі мен жексенбі күндері өтеді.
Елордада алғаш болып Түркістан облысының аграршылары өз өнімдерін ұсынды. Жәрмеңкеге өз тауарларымен 70-ке жуық ауыл шаруашылығы өндірушісі келді. Олар 556 тонна өнім әкелді.
Айта кетерлігі, жәрмеңкеде ет және ет өнімдері, көкөністер, жемістер, сүт өнімдері (оның ішінде қымыз және шұбат), бақша, бал, жеміс шырындары мен консервіленген өнімдер, балық, жұмыртқа және нан-тоқаш өнімдері сатылады. Барлық өнімдер нарықтық бағадан төмен бағамен сатылады.
Биыл ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу орны өзгерді. Былтыр ол «Астана-Арена» (Тұран даңғылы, 48) алдындағы автотұрақта өткізілсе, биыл жәрмеңкені өткізу орны Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайындағы ҚазҰӨУ (Шабыт) алдындағы алаңға көшірілді.