×

Атырау облысында АИТВ жұқтырғандардың саны 15 адамға көбейді

Мамырдың үшінші жексенбісі – ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні

 Айнұр Асылбекқызы 11.05.2022 | 16:39
фото: atyrauspidcentre.kz

Атырау облысында адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясын жұқтырушылар саны жыл санап өсіп отыр. Қазір өңірде осы ауруды жұқтырған 299 адам есепте тұр. Облыста қауіпті вирус анықталғалы бері оны жұқтырған 57 адам жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромынан (СПИД) көз жұмған.

Мамырдың үшінші жексенбісі – ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні. Биыл бұл қауіпті инфекциядан көз жұмғандарды еске алу күні 15 мамырда атап өтіледі.

Биыл төрт айда АИТВ инфекциясы 27 адамнан анықталған. Олардың 25-і Қазақстан азаматы, екеуі - шетелдік. Былтырғы статистикамен салыстырғанда инфекция жұқтырған адам саны 15-ке көбейген.

АИТВ инфекциясы анықталған 27 адамның басым бөлігі - қала тұрғындары. Ал, аудандар бойынша айтсақ, Жылыой ауданында – үш адамнан, Құрманғазы ауданында – бір адамнан инфекция анықталған. Инфекция бірнеше жолмен таралған. Үш адам есірткі пайдалану кезінде тамырға ине салу арқылы, 14 адам жыныстық қатынас кезінде, ал бес адам гомосексуалдық қатынас және медициналық емес манипуляция кезінде жұқтырған. Ал қалған үш адамның инфекцияны қалай жұқтырғаны белгісіз.

Инфекция анықталған 18 ер адам мен 9 әйелдің жас ерекшелігі әртүрлі. 15 пен 29 жас аралығындағы 11 адам, 30-39 жас аралығындағы 7 адам, 40-49 жас аралығындағы 5 адам және 50-69 жас аралығындағы 4 адам бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Оралдық оқушы кішігірім құраммен мульттоптама түсіріп шықты

Алғашқы серияны түсіруге 6 ай уақыт кеткен
26.03.2023 | 13:55

Астанада өрт салдарынен көпқабатты 23 үй жарықсыз қалды

Жарық өртенген қондырғылар толық тексеруден өтіп болғаннан кейін бір-ақ беріледі
26.03.2023 | 12:00

Путин ядролық қаруды Беларусь аумағында сақтайтынын жасырмады

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
26.03.2023 | 11:23

Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

Ол қатарынан 10-жеңісіне қол жеткізді
26.03.2023 | 10:43