Мемлекет басшысының жарлығымен бірнеше министр қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорда.
- Марат Қарабаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды.
- Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды.
- Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды.
- Зүлфия Сүлейменова Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлығымен құрылды:
- Су ресурстары және ирригация министрлігі;
- Көлік министрлігі;
- Туризм және спорт министрлігі;
- Мәдениет және ақпарат министрлігі;
- Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.