Halyq Uni логотип
×

Ұтып алған бір бөлмелі пәтерімнен қуып шықты – жанайқай

Елорда тұрғыны көпшілік алдында салтанатты түрде табысталған пәтерін өз атына аудара алмай жүр

 Гүлбаршын Нұрхан 01.09.2023 | 17:17

2020 жылы «Amanat Home» кооперативі, «Асыл адам» қайырымдылық қоры және «Алло, не керек?» интернет дүкені бірігіп Астана қаласында ұтысқа пәтер ойнатқан. Сол кезде 1000 теңгеден екі билет сатып алған елордалық Болатбек Мамырбаев та ұтысқа қатысып, екінші билеті олжалы шыққан. Ол бір бөлмелі пәтер ұтып алып, оған баспана кілті сол күні «Қазмедиа» орталығында – көпшілік алдында салтанатты түрде табыс етілген. Алайда Болатбек Мамырбаев ұйымдастырушылардың қателігінен үш жылдан бері үйдің құжатын рәсімдей алмаған.

Оған қоса, Болатбекті полиция өкілдері «адам тұруға арналмаған ғимарат» деген желеумен үйінен шығарып жіберіпті. Тіпті, кейіннен ұйымдастырушылар есіктің құлпын ауыстырып тастаған. Елорда тұрғыны өзі ұтып алған үйінен заттарын ала алмай, далада қалған.

Halyq Uni тілшісіне жайайқайын айтқан Болатбек Мамырбаев ұтысқа пәтер ойнатқан үш ұйымның бүгінде жауап беруден жалтарып, мәселені бір-біріне сілтеумен келе жатқанын жеткізді.

Ұтып алған пәтерін атына аудара алмай дал болған Болатбек Мамырбаев енді қайда барарын білмейді.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама