Онда 37 бала жазасын өтеп жатыр
Бүгін Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты балалар колониясында Білім күні салтанатты түрде атап өтілді.
Бүгінде біздің мекемеде 37 бала өз жазасын өтеп жатыр. Соның ішінде барлығы 25 бала мектеп партасына отырады. Біздің мақсатымыз – балаларға сапалы білім беріп, оларды жарқын өмірге тәрбиелеу. Бұл орайда мекеме ішіндегі жалпы білім беретін мектеп ұстаздарының еңбегі ерекше. Өткен оқу жылында сотталған балалар алғаш рет ҰБТ тапсырып, өздерінің жыл бойы алған білім сапаларының нәтижелі екенін дәлелдеген болатын, – деді мекеме басшысы Мирас Толубаев.
Республикадағы жалғыз балалар колониясындағы жалпы білім беретін мектептегі қазақ бөлімінде – 13, орыс бөлімінде 12 бала білім алып жатыр. Білім күніне арналған салтанатты мерекеде оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, оқуға деген құштарлықтарын танытты.