Енді жүріс аралығы 6-7 минутқа дейін азаяды деп күтіледі
Алматыда 31 тамыздан бастап 60 жаңа автобус пайдалануға беріледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 метрлік автобустар №38, 38а және 37 бағыттарды күшейтеді. Бұрын көлік тапшылығына байланысты бұл маршруттардағы қозғалыс аралығы 40 минутқа дейін жеткен. Енді жүріс аралығы 6-7 минутқа дейін азаяды деп күтіліп отыр.
Босаған ескі автобустар №201 маршруттың жылжымалы құрамын ауыстырады. 18 метрлік 24 автобустың арқасында қозғалыс аралығы 15 минуттан 7 минутқа дейін қысқарады.
Биыл Алматыда коммуналдық автопарк 600 газбен жүретін автобус пен 100 троллейбус сатып алып жатыр. Алғашқы 100 автобус келіп, біртіндеп жолаушыларға қызмет көрсете бастайды. Қалған жылжымалы бірліктер биыл жыл соңына дейін жеткізіледі.