Олардың мемлекеттік органдар жұмылдырған қызметшілерінің заңды талаптарын орындауы шарт
Бүгін Астанада терроризмге қарсы күрес бойынша оқу-жаттығу өткізіледі. Осыған байланысты елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы тұрғындарға үндеу жасады.
«Биылғы жылғы 29 тамызда сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін Астана қаласының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шараның мақсаты – жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл ден қою бойынша міндеттерді орындауға дайындығын тексеру», - делінген терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб баспасөз қызметінің хабарламасында.
Осыған байланысты жедел штаб азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар жұмылдырған қызметшілердің заңды талаптарын орындауға шақырды.