Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында көлік кюветке аударылып кетті

Салдарынан 4 адам зардап шекті

 Динара Амантай 29.08.2023 | 11:15
Павлодар облысында көлік кюветке аударылып кетті
Фото: Halyq Uni

Павлодар облысында көлік кюветке аударылып, 4 адам зардап шекті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 26 тамызда сағат 21:45-те Павлодар – Қызылорда автожолында 36 жастағы Kio Rio автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол шетіне аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші, оның 10 жастағы ұлы, 4 жасар қызы және жарақат алған 37 жастағы жолаушы Екібастұз қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

27 тамызда сағат 15:50-де Павлодар қаласында Торайғыров – Бектұров көшелерінің қиылысында Nissan автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салу сигналын елемей, 3 көлікпен: Toyota Estima, Lexus және Hyundai автокөліктерімен соқтығысқан. Салдарынан Nissan және Toyota Estima көлігінің жүргізушісі, Hyundai көлігінің 46 жастағы жолаушысы да жарақат алып, Павлодар қаласындағы ауруханаға жатқызылды.

Тағы бір жол-көлік оқиғасы 27 тамызда сағат 17:30-да болған. Павлодар – Қызылорда автожолының 140-шақырымында, Байет ауылынан 2 шақырым жерде, BMW автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, металл тиегішке соғылып, кюветке аударылған. Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Автоматты режимде жұмыс істейтін Қызылорда – Павлодар автожолында орнатылған «Зерек-2» аппараттық-бағдарламалық кешенінің мәліметтеріне сәйкес, бұл көліктен 218 км/сағ жылдамдық тіркелген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама