Одан 400-ден аса діни мазмұндағы кітап тәркіленді
Астана полицейлері ер адамнан 400-ден астам діни мазмұндағы кітап тәркіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Астана қаласы ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында араздық тудырды деген күдікпен пансионат қызметкерін әшкереледі.
Аталған пансионат пен тұрғылықты жерін рұқсат етілген тінту нәтижесінде 31 жастағы азаматтан 400-ден астам діни мазмұндағы әдебиет табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру») бойынша қылмыстық іс қозғалды, – делінген хабарламада.
Сот шешімімен ер адам 3 жылға бас бостандығынан айырылды.