«Сырымды қойнымдағы қатыныма да айтпаймын»: Омар Жәлел 3 әйеліне неге сенбейді? (ВИДЕО)
Менің сырымды айтқан күні мен адам ретінде, тұлға ретінде өлімін, - дейді ол
Абайтанушы ғалым Омар Жәлел «Adal Аdam» Youtube арнасына сұхбат беріп, көп әйел алу туралы ойын айтты.
Оның айтуынша, көп әйел алу – адам арманының іске асуы.
Қазір үш әйелім бар. Сырымды қойнымдағы қатыныма да айтпаймын, тек Аллаға ғана айтамын. Менің сырымды айтқан күні адам ретінде, тұлға ретінде өлімін. Мен үш әйел алсам, өзімнің еркіндігімнің, қиялымның іске асуы деп білемін және оған ешқашан өкінбеймін. Өзім әзірге осы үш әйелді бақытты қылып алсам, маған сол жеткілікті деп ойлаймын, - дейді Омар Жәлел.
Еске сала кетсек, бұған дейін Омар Жәлелдің «Би – Құдаймен байланысқа шығу» дегені үшін өзін сөккендерге жауап бергенін жазған болатынбыз.