«Ілесем дегендер, хабарласыңдар!»: Рысқұлбеков қызы мектепте орамалмен бара алмаса, Шешенстанға көшпек

Халық үні

Неше күннен бері әлеуметтік желіде орамал дауы болып жатыр, дейді ол

фото: ашық дереккөзден

Желтоқсан оқиғасы құрбандарының бірі, «Халық қаһарманы» Қайрат Рысқұлбековтің інісі Талғат Рысқұлбеков өзінің Facebook-тегі парақшасында қызына мектепке орамалмен кіруге рұқсат бермесе, Шешенстанға көшетінін айтты. 

Оның айтуынша, мектепке орамалмен кіруге тыйым салу – Аллаға қарсы шыққанмен тең.

Неше күннен бері әлеуметтік желіде орамал дауы болып жатыр. Жылда болады. Сабыр еттік. Бірақ бір нәрсе ақиқат. Біз жыл өткен сайын қарсы болған сайын азап келе ма, деп қорқамын. 1 қыркүйек қызымды орамалмен мектепке апарамын. Кіргізбесе видеоға түсіремін. Ал қызыма орамалмен білім алуына рұқсат бермесе, Ин ша Аллаһ Шешенстанға көшемін. Олар орамалмен оқытып жатыр. Менімен ілесем дегендер, маған хабарласыңдар!, - деді Талғат Рысқұлбеков. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан мектептерінде оқушыларға хиджаб киюге рұқсат берілді деген ақпаратқа түсінік бергенін жазған болатынбыз.