Halyq Uni логотип
×

Мәдениет үйінің директоры Ақтаудағы борлы тауға адам атын қашап жазған

Полиция департаменті оның үстінен әкімшілік хаттама толтырмақ

 Еркеғали Болатұлы 27.08.2023 | 15:13
Мәдениет үйінің директоры Ақтаудағы борлы тауға адам атын қашап жазған
фото: видеодан скриншот

Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев Ақтаудағы борлы тауға атын қашап жазған.

Айта кетсек, ақтаулық Азамат Сәрсенбаев Instagram-дағы парақшасында құзырлы органдардан борлы тауға атын ойып жазып, табиғатқа зиянын тигізген адамды тауып, жазалауды сұраған болатын.

Бейнематериалдан ер адамның балға мен үшкір зат арқылы ақ борлы тауды қашап, «Ақнәзік» деп жазып тұрғанын анық көруге болады. Сол әрекеті үшін Маңғыстау облыстық полиция департаменті оның үстінен әкімшілік хаттама толтырмақ.

Ал Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова видеодағы адамның әнші, мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев екенін растады.

Еске сала кетсек, ағайынды Көшербаевтар ақтөбеліктерге жақсы таныс. Олардың продюсерлік орталығы бар. Екеуі де ән айтады. Манас Көшербаев директорлық қызметке былтыр күзде тағайындалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама