Қарағанды облысында әйелге шабуылдаған күдікті ұсталды
30 жастағы ер адам облыстық полиция департаментіне жеткізілді
Қарағанды облысында әйелге шабуылдаған күдікті ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 25 тамызда түнгі уақытта криминалдық полиция басқармасы, Қарқаралы аудандық полиция бөлімі мен «Арлан» арнайы мақсаттағы қызметкерлерінің Қарағанды қаласында жүргізген бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарқаралы ауданы тұрғынына шабуыл жасады деген күдікпен 30 жастағы азамат ұсталған. Күдікті облыстық полиция департаментіне жеткізілді.
Қазір алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысында бала анасының соққыға жығылғанын видеоға түсіргенін хабарлаған болатынбыз.