Halyq Uni логотип
×

Ақтөбеде бір адамның өліміне себепкер болған автобус жүргізушісі қамауға алынды

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр

 Динара Амантай 26.08.2023 | 12:00
Ақтөбеде бір адамның өліміне себепкер болған автобус жүргізушісі қамауға алынды
Фото: Ақтөбе обл. прокуратурасының баспасөз қызметі

Ақтөбеде бір адамның өліміне себебкер болған автобус жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, 22 тамызда сағат 17:30 шамасында Ақтөбе қаласында «Daewoo» маркалы автокөліктің жүргізушісі Сеитов көшесі бойымен жүріп келе жатып, М.Мәметова көшесіне қарай солға бұрылу маневрін жасаған кезде «ЛАДА» маркалы автокөлікпен соқтығысуға жол берген.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ЛАДА» маркалы автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты. Ал тағы бір кәмелетке толмаған жолаушы түрлі дене жарақаттарымен «көпсалалы облыстық балалар ауруханасына» жатқызылды.

Сотпен «DAEWOO» маркалы автокөліктің жүргізушісіне қатысты 2 ай мерзімге «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті шешімді сот қабылдайтын болады, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, адамның өліміне әкеп соққан ЖКО жасағаны үшін бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама