Halyq Uni логотип
×

Жетісулықтар алаяқтарға 320 млн теңгеден аса ақшаны жем қылған

Алаяқтықпен айналысқан 200-ден аса адам жауапқа тартылды

 Динара Амантай 25.08.2023 | 17:35
Жетісулықтар алаяқтарға 320 млн теңгеден аса ақшаны жем қылған
Фото: Halyq Uni

Жетісу облысында 602 тұрғын алаяқтардың құрбаны болған, деп хабарлады Polisia.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жыл басынан бері Жетісу облысының 602 тұрғыны алаяқтардың құрбаны болған. Өткен жылмен салыстырғанда тіркелген фактілер саны 9,5% өсті, оның 140-ы – интернет-алаяқтық. Келтірілген шығынның жалпы сомасы – 320 млн теңгеден астам. Тәртіп сақшыларының күшімен алаяқтықпен айналысқан 209 адам ұсталып, жауапкершілікке тартылды.

Жүргізілген талдауға сәйкес, алаяқтардың ең осал санаты – зейнет жасындағы адамдар. Телефон байланысын пайдаланатын алаяқтардың айла-тәсілдеріне көбінесе егде жастағы адамдар алданып жатады. Соңғы бірнеше айдың ішінде алаяқтардың әрекетінен 81 зейнеткер зардап шекті. Фактілердің басым бөлігі Талдықорғанда тіркелген, – деп хабарлады Жетісу облысының ПД КПБ.

Алаяқтықтыққа қатысты қылмыстарды ашу – көп уақытты қажет ететін және күрделі процесс. Өйткені қылмыскер айлакерлігінің арқасында күн сайын заңсыз баю, жеңіл табысқа оңай кенелудің жаңа әдістерін ойлап тауып жатыр. Осыған байланысты алаяқтықпен күресудің ең тиімді жолы – олардың алдын алу.

Тұрғындар арасында тұрақты негізде түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, жүргізушілер арасында буклеттер мен брошюраларды таратамыз, жай ғана өтіп бара жатқандар арасында алаяқтардың айла-амалына түсіп қалмау керектігі туралы ескертеміз. Сондай-ақ әртүрлі коммуналдық және пошталық түбіртектердің артқы жағына ескерту мәтіндерін жапсырамыз. Ескі әдістерді қолдану қарт адамдарға тиімдірек, – деп толықтырды облыстық ПД КПБ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама