Нұра аудандық мәслихатының төрағасы жол апатына түсті
42 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді, - деп мәлімдеді облыстық ПД
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының төрағасы Қуаныш Жүнісбеков жол апатына түсті.
Оқиға 8 тамызда болған.
Сағат 02:00 шамасында Осакаровка-Нұра автожолында Kia sporteig автокөлігі аударылған. Жол апаты салдарынан жарақат алған 42 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді, - деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Қарағанды облыстық мәслихаты жол апатынан зардап шеккен адамның аудандық мәслихат төрағасы Қуаныш Жүнісбеков екенін растады.