Halyq Uni логотип
×

Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Үш жолаушы Рудный қаласының ауруханасына жатқызылды

 Динара Амантай 25.08.2023 | 10:23
Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
Фото: polisia.kz

Қостанай облысындағы тасжолда жол апатынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 24 тамызда Қарабұтақ – Қостанай тасжолының 495-шақырымында Toyota шағын автобусының жүргізушісі бульдозермен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Үш жолаушы Рудный қаласының ауруханасына жатқызылды.

Автокөлік Жітіқарадан Қостанайға бара жатқан. Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, бірқатар жол белгілерін елемей, жол қозғалысы үшін жабық технологиялық учаскеге барғаны анықталды, – делінген ПД хабарламасында.

ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі («Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама