Көкшетауда автосалон менеджері жұмыс орнынан 30 млн теңгеге жуық ақша ұрлаған (ВИДЕО)

Динара Амантай

Тергеу жүргізіліп жатыр

Фото: polisia.kz

Көкшетауда автосалоннан 30 млн теңгеге жуық ақша ұрлаған менеджер ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 23 тамызда Көкшетау полициясына ірі көлемде ақша ұрлау туралы арызбен жергілікті автосалондардың бірінің директоры жүгінген. Кәсіпкердің айтуынша, белгісіз адамдар алдыңғы түні бухгалтерлік кабинетке кіріп, қолма-қол ақша мен құжаттамасы бар сейфті ұрлап кеткен.

Аталған деректі полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Қылмысты ашу үшін криминалдық полиция мен тергеу қызметкерлері арасынан арнайы топ құрылып, бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Автосалонның қызметкерлері мен клиенттері тексеріліп, үй-жайларда да, сыртқы периметрі бойынша да орнатылған бейнекамералардың деректері зерделенді.

Қабылданған жедел шаралар кезекші тәулікте күдіктінің анықталуына және ұсталуына ықпал етті. Ол 26 жастағы менеджер болып шықты. Жауап алу кезінде ұсталған адам жұмыс күнінен кейін барлық бейнекамераларды өшіріп, бухгалтер кабинетінің есігін бұзып, металл сейфті ұрлап кеткенін айтты. Кейінірек ер адам сейфті кесіп, сол жерден ақшаның бір бөлігін алып, оның 22,8 млн теңгесін өзінің банктік шотына аударған, ал қалған 4 млн теңгесін жасырып қойған, – делінген хабарламада.

Тергеу іс-шаралары барысында полиция ұрланған ақша мен сейфті тәркіледі. Жалпы алғанда, сома шамамен 30 млн теңге болды. Қазір тергеу жалғасып жатыр.