Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Ақтөбелік өрт сөндірушілер өрттен 6 адамды құтқарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 12:54-те Ақтөбе қаласы, Гришина көшесі мекенжайында орналасқан 5 қабатты тұрғын үй пәтерінен өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Құтқарушылар күшімен баспалдақ маршы арқылы 6 адам құтқарылып, 40 адам эвуакацияланды, оның ішінде 10 бала бар. Зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.
Өрт сағат 12:11-де сөндірілді. Аумағы – 15 шаршы метр.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.