Үш айда 200 мың қазақстандық шетелге жұмыс іздеп кеткен
Олар азаматтықтан бас тартпаған
Биыл бірінші тоқсанда Қазақстанның 200 мыңға жуық азаматы жұмыс істеу үшін шетелге кеткен. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ерсаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
2023 жылғы бірінші тоқсанда (қаңтар-наурыз) 194 мың қазақстандық шетелге кеткен. Олар негізінен шетелге ақша табу үшін аттанды. Өткен жылдардағы статистика осыған ұқсас. 2021 жылы 17 мың, 2022 жылы 25 мың адам шетелге білім алу үшін барған. Биыл шетелде оқу үшін қанша қазақстандықтың кеткенін айта алмаймын. Менің ойымша, деректер өткен жылға ұқсас болуы мүмкін, - деді комитет төрағасы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Асқарбек Ерсаев шетелде қазақстандықтардың құқығын қорғау мәселесіне де тоқталды.
Біз көші-қон саясаты тұжырымдамасы шеңберінде жұмыс істейміз. Бүгінде Түркия, БАӘ, Ұлыбритания, Израиль, Қатармен бірқатар келісімге қол қойылды. Егер қазақстандықтар осы елдерде жұмыс істейтін болса, онда олардың еңбек және әлеуметтік құқығы заңға сәйкес сақталады, - деді басшы.