Ақмола облысында 17 жастағы қызды көлік қағып кетті

Динара Амантай

Биыл өңірде жол-көлік оқиғасынан 7 адам қаза тауып, 50 адам жарақат алған

Фото: Halyq Uni

Ақмола облысында жасөспірімді көлік қағып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәлметінше, 22 тамызда Целиноград ауданы полициясының кезекші бөліміне Ыбырай Алтынсарин ауылының Абай көшесі бойында жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы телефон хабарламасы түскен. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары Lada Kalina көлігінің 41 жастағы жүргізушісі Абай көшесімен келе жатып, жол жиегімен жүріп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні басып кеткенін анықтаған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 17 жастағы қыз қалалық ауруханаға «ЖБМЖ, миының зақымдануы, жіліншіктің жабық сынуы» диагнозымен жеткізілген. Жүргізушіден қан алынып, сараптама тағайындалды, – делінген хабарламада.

Осы фактіге қатысты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы») бойынша қылмыстық істі бастады.

Айта кетсек, жыл басынан бері Ақмола облысының аумағында 53 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Онда 7 адам қаза тауып, 50 адам жарақат алған.