Halyq Uni логотип
×

«Қызымды иеленгісі келіп жатыр»: Жүнісова концертінде Мерей жайлы айтты (ВИДЕО)

Әнші қызым бауырларын білсін деп шындықты айттым дейді

«Қызымды иеленгісі келіп жатыр»: Жүнісова концертінде Мерей жайлы айтты (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөзден

Халық әртісі Мақпал Жүнісова Нұр-Сұлтан қаласында өткен жеке концертінде қызы Мерей жайлы бар шындықты айтып берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Мақпал Жүнісованың Мерей туған қызы емес ол оның туған бауырының қызы екені туралы айтқан видеосы тараған болатын.

«Шындықты мен айтпасам кім айтады? Қасқырдың аузы жесе де - қан, жемесе де - қан дейді ғой қазақ. Ешқандай нәрсе ұрттап айтқан жоқпын. Концерттен кейін тамағым отырып қалғаны рас. Бірақ қазір менің қызымды 17 жылдан кейін иеленіп жатыр», - дейді әнші. 

Оның айтуынша, үйіне кірмеген, қызының маңдайынан сүймеген адамдар Мерей екеуінің арасына от салып, иеленгісі келіп жатыр. 

«Қызды бауырымызға басқанымыз рас. Қай қазақ бауырына баспай жатыр. Екі баламызда түсіп қалды. Содан кейін Зәкең менің туған бауырымның баласын сұрады. Менің анам Зәкеңе кетәрі деп айта алмады. Зәкең тегін берді. Қыз 18-ге толғанда өзі шындықты айтамын деген. Мен қызым бауырларын білсін деп сырды оған айттым. Мені кінәламаңыздар! Сосын қызым жылап менен кешірім сұрады, мені қайда кетеді дейсің деп. Бірақ әкемнің тегін өзгертпеймін деді», - деп түсіндірді Мақпал Жүнісова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама