Жайылымдар мақсатына сай пайдаланылмаған
Есіл ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбау фактілерін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
2004 жылы «Орловка» ЖШС-не Орловка ауылының әкімшілік шекараларында 49 жыл мерзімге жер учаскелері берілген. Алайда «Орловка» ЖШС-інде 2020 жылдан бастап ауыл шаруашылығы жануарлары жоқ, салдарынан 9 мың 756 гектар жайылым жер мақсатына сай пайдаланылмаған, – делінген прокуратура хабарламасында.
Ведомство өкілдерінің мәліметіне сәйкес, биыл прокурорлық әрекет ету шараларымен мемлекетке құны 118,9 млн теңге болатын, жалпы ауданы 13 мың 460 гектар 3 жер учаскесі қайтарылған.