Halyq Uni логотип
×

Қала сыртындағы жолдарда көлік жылдамдығын тағы бір жүйе бақылайтын болды

7 айда көлік апатынан 1200-ден аса қазақстандық көз жұмған

 Дәурен Ерболат 23.08.2023 | 17:46
Қала сыртындағы жолдарда көлік жылдамдығын тағы бір жүйе бақылайтын болды
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда қала сыртындағы жолдарда көлік жылдамдығын бақылау үшін ZEREK-2 ақпапаттық жүйесі іске қосылады, деп хабарлады Polisia.kz

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік апатының алдын алу және жолдағы бақылауды күшейту мақсатында ІІМ Автомобиль жолдары комитеті мен QazAvtoJol ұлттық компаниясы бірлесіп, жалдымдықты асырған көліктерді тіркеу үшін қала сыртындағы жолдарда жаңа бейнебақылау жүйесін іске қосады.

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, 33 ZEREK-2 бағдарламалық-аппараттық кешені әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі жүйесімен интеграцияланды.

Енді нұсқамаларды құқықбұзушыларға жіберу автоматты режимде іске асырылады. Бүгінде ZEREK-2 Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Өзбекстан шекарасы, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Қонаев – Талдықорған және Астана – Павлодар автожолдарында жұмыс істеуге дайын. Осындай бағдарламалық кешен Көкшетау – Астана тасжолында бұрын іске қосылған. Ол жолдағы құқықбұзушылықтарды тіркеуде жақсы нәтиже көрсетіп жатыр, – деді аға инспекторы

7 айда Қазақстан жолдарында жеті мыңға жуық көлік апаты тіркелді. Онда 1 200-ден аса адам қаза тауып, 8 500-ге жуық адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Оның ішінде жылдамдық режимін сақтамау салдарынан қала сыртындағы трассаларда 730 көлік апаты тіркелді, онда 300-ден аса адам қаза тауып, 1200-ден аса адам зардап шекті.

Жоғарыда аталған жолдарда 25 тамыз сағат 00:00-ден бастап ZEREK-2 кешені штаттық режимде жұмыс істейді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, барлық жүргізушіден жылдамдық режимін және көліктер арасындағы қашықтықты сақтауды сұраймыз. Сіздің өміріңізден маңызды ештеңе жоқ! – деді Ақтоты Боранова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама