×

Сталин мен Берия аталарыңның қанын шелектеп сімірген - қоғам белсендісі

Қоғам белсендісі отанға нағыз опасыздық жасап жүрген қазақтың өзі екен дейді 

 Халық үні 10.05.2022 | 01:00
фото: Мұрат Абеновтің facebook парақшасынан

Қоғам белсендісі Бекболат Қаржан өзінің Facebook-тегі парақшасында Алматыда өткен «Батырларға тағзым» шеруіне қатысты өз ойын жазды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Қазақтардан құрылған бессмертный полк. Қазақ жуық арада дұрыс ел болмайды. Мынау шыққан залымдардың бәрі дерлік Путиннің «мүридтері», бұлардың бәрі Путиннің қолдаушылары. Аталарының қанын шелектеп сімірген Сталин мен Берияның картинкасын көтеріп шыққан мынау көрініс қазақтың ел болмайтынының дәлелі», - дейді ол.

Оның айтуынша, біз нағыз өлік екенбіз. Сұмдық сатқын, отанға нағыз опасыздық жасап жүрген қазақтың өзі екен. 

«Сондықтан қазақты опасыз, аярлар мен жемқорлар басқарып отыр. Оның бәрі марстан немесе айдан келген жоқ. Олардың бәрі сендердің туыстарың. Бұл елден көшіп кете салған әлдеқайда қайырлы ма деп ойлап қалдым... Әй, бейшара қазақ! Тұтас әлем қазір рашизмді құлатып, әділет орнатуға барын салып күрес жүргізіп жатқанда, мынау ісің не!? Әруақты да ұмытыпсыңдар! Украина сендердің тәуелсіздіктерің үшін күресіп жатыр ғой», - деп жазды Бекболат Қаржан.

Тағы оқи отырыңыз: «Досаевтың идеологиялық диверсиясы»: алматылық шерушілер Сталин мен Берияны ұлықтады

Серіктес жаңалықтары

Сараптама