Halyq Uni логотип
×

ШҚО-да Моңғолияның 3 азаматы заңсыз еңбек еткен

Олардың уәкілетті орган беретін тиісті рұқсат құжаттары болмаған

 Динара Амантай 23.08.2023 | 15:15
ШҚО-да Моңғолияның 3 азаматы заңсыз еңбек еткен
Фото: Halyq Uni

ШҚО-да заңсыз еңбек еткен 3 шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Көші-қон қызметі қызметкерлерінің мәліметінше, «Учаске» ЖПІШ аясында рейдтік іс-шараларды өткізу барысында еңбек қызметін заңсыз іске асырған Моңғолияның 3 азаматы анықталған. Белгілі болғандай, шетелдік азаматтар мамырда келген, алайда олардың уәкілетті орган беретін тиісті рұқсат құжаттары болмаған.

Ұлан аудандық сотының шешімімен Моңғолияның үш азаматы да Қазақстан Республикасынан 5 жыл мерзімге шығарылды, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, ЖПІШ кезінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 50-ден астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 5-еуі ел аумағынан шығарылған.

Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, яғни заңсыз еңбек қызметін іске асырғаны және елде рұқсатсыз тұрғаны үшін шетелдік азаматтар, сондай-ақ оларды қабылдаған жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама