Биылғы түлектер үшін 500-ден аса шетелдік грант бар
Ең көбін Венгрия университеттері ұсынып отыр
Қазақстандық түлектер биыл 525 шетелдік грантқа өтініш бере алады. Түлектер қатты қызығатын Венгрия, Қытай, Польшаның мықты жоғары оқы орындары жүздеген грант ұсынып отыр.
Халықаралық бағдарламалар орталығының мәлімдеуінше, қазіргі таңда 2023-2024 жылдарға арналған сол оқу гранттары мына елдерден келіп отыр:
№ |
Мемлекет атауы |
Грант саны |
Өтініш саны |
Иегерлер |
1. |
Әзербайжан |
10 |
7 |
7 |
2. |
Беларусь |
6 |
2 |
2 |
3. |
Венгрия |
250 |
842 |
250 |
4. |
Қырғызстан |
10 |
2 |
2 |
5. |
Қытай |
138 |
38 |
37 |
6. |
Польша |
11 |
51 |
11 |
7. |
Тәжікстан |
100 |
14 |
Конкурспен іріктеп жатыр |
Жалпы |
525 |
956 |
309 (Тәжікстаннан басқа) |
Қазір Орталық сайтында грант беретін 9 ел ғана көрсетілген. Дегенмен, бакалавриат, магистратура, докторантура және резидентура бағдарламалары бойынша 16 елмен білім беру саласындағы халықаралық шарттарға қол қойылғанын хабарлады. Олар жоғарыдағы кестеден бөлек, Вьетнам, Корея Республикасы, Латвия, Моңғолия, Словакия, Украина, Өзбекстан, Мысыр және Франция.
Биыл үкіметаралық гранттарға 956 қазақстандық түлек өтініш берген. Бүгінде Тәжікстан еліне өтініш қабылдау аяқталып, конкурспен іріктеп жатыр.
Қазақстандық түлектер Венгрия, Қытай, Польша елдерін көп тандайды. Мысалы, Венгрияда Будапешт технология және экономика университеті мен Корвин университетіне біздің түлектер қатты қызығады. Ал Қытайда Шанхай университеті, Пекин университеті, Шанхай Джао Тонг университеті көп сұраныста. Польшада Варшава технология университеті, Адам Мицкевич университеті сынды оқу орындарын көп таңдайды.
Жалпы қазақстандықтар Болашақ бағдарламасы арқылы жүзеге асатын үкіметаралық гранттар мен білім беру гранттары жайлы БАҚ беттерінен, әлеуметтік желілерден жыл сайын өткізілетін ЖОО білім алушыларымен және орта білім беру ұйымдарымен кездесу барысында ақпараттандырылады. Халықаралық бағдарламалар орталығы елдегі барлық ЖОО-мен және орта білім беру мектептерімен үздіксіз тығыз қарым-қатынаста.