Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында 5 боди-массаж салонының жұмысы тоқтатылды

Полиция органдарына 30-дан астам адам жеткізілді

 Динара Амантай 23.08.2023 | 11:41
Павлодар облысында 5 боди-массаж салонының жұмысы тоқтатылды
Фото: polisia.kz

Жедел уәкілдер 5 боди-массаж салонының жұмысын тоқтатты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде облыс аумағында интимдік қызметтерді ұйымдастыруға және ұсынуға қатысы бар күдікті қылмыстық топтың қызметін анықтады. Бір мезгілде Павлодар және Екібастұз қалаларының аумағында жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысқан 5 боди-массаж салонының жұмысы тоқтатылды.

25 тінту іс-шарасы өткізілді. Полиция органдарына 30-дан астам адам жеткізілді. Оның ішінде әкімшілер, массажистер және осы мекемелердің тұтынушылары бар. Тінту барысында 10 млн теңге және 1 мың 600 АҚШ доллары, 2 аңшы мылтығы, 2 газ тапаншасы, кастет, рөлдік ойындарға арналған киім жинақтары, маскалар, қамшылар, кісендер, жарнамалық өнімдер, прайс-парақтар, визиткалар және сыйлық сертификаттары тәркіленді. Полицейлер өздерін кәсіпкер ретінде көрсететін жоғарыда аталған массаж салондарының иелері мен ұйымдастырушыларын анықтады, – деді Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Қазір 4 дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама